Жарнама
 
Президент
1 мин оқу 80

Сенсация: «Қайрат» «Елімайдан» жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Алматыда өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 21-тур ойынында жергілікті "Қайрат" пен семейлік "Елімай" жанкүйерлерге нағыз тартысты матч сыйлады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сенсация: «Қайрат» «Елімайдан» жеңіліп қалды

Алғашқы таймда алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алып, есепті жылдам ашты. 15-минутта Максим Ковальдың қателігін ұтымды пайдаланған Эдмилсон бұрыштан келген допты баспен торға бағыттады. 37-минутта сол Эдмилсон дубль авторы атанып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда үзіліске дейін "Елімай" намысты қолдан бермей, Иван Свиридов бір гол соғып, айырмашылықты қысқартты — 2:1.

Екінші кезеңде алматылықтар шабуылды күшейткенмен, Семей командасы қарымта шабуылмен жауап қатты. 62-минутта Фессу Плакка таразы басын теңестірсе, 83-минутта ол тағы да көзге түсіп, матчтағы шешуші голды соқты — 2:3.

Осы жеңістің арқасында "Елімай" 35 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал "Қайрат" 43 ұпаймен көш басында қалды.

"Қайрат" — "Елімай" 2:3 (2:1)

Голдар: Эдмилсон 15 (1:0), Эдмилсон 37 (2:0), Свиридов 45 (2:1), Плакка 62 (2:2), Плакка 83 (2:3).

Бөлісу:
Сенсация: «Қайрат» «Елімайдан» жеңіліп қалды · Egemen Qazaqstan