Қоғам
1 мин оқу 60

ШҚО-да жасырын алтын өндірумен айналысқандар әшкереленді

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ШҚО-да жасырын алтын өндірумен айналысқандар әшкереленді

Бұл туралы Қаржылық миониторинг агенттігі мәлімдеді.

«Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып, заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. ЖШС-ның заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында құны 382 млн теңгені құрайтын 6 кг алтын тәркіленді», делінген хабарламада.

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
ШҚО-да жасырын алтын өндірумен айналысқандар әшкереленді · Egemen Qazaqstan