Туризм
1 мин оқу 30

Араб елдері қызығушылық танытып отыр

<p style="text-align: justify;">Еліміз туризм саласында араб елдеріне жақсы танымал бағыт&shy;тардың қатарына еніп келеді. &laquo;Khaleej Times&raquo; зерттеуі бойын&shy;ша, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 60%-ы жаз&shy;ғы &shy;маусымда шетелге саяхаттайды. Олардың көпшілігі от&shy;ба&shy;сылық демалысқа ыңғайлы, визасыз бағыттарды таңдайды.</p>

Араб елдері қызығушылық танытып отыр

Трендтегі елдердің қатарына елімізбен бірге Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения кірген. Бұл мемлекеттер визалық режімнің қо­лайлығымен ерекшеленеді. «Gulf times» басылымы осын­дай, қысқа қашықтыққа саяхат­тау­­дың танымалдылығы арта түске­нін жазады. Оның ішінде экспатрианттар арасында виза­лық жеңілдіктер ұсынатын елдерге баруға сұраныс көбейген. Сол тұрғыда, біздің елден бөлек, Грузия, Әзербайжан, Мысыр, Иорданияға сапар туристерге танымал бола түскен.

Жақында жазғы маусымда баруға болатын 15 трендтік ба­ғыт жария етілді. Еліміздің БАӘ туристері арасында таны­мал болуына мәдени мұра мен табиғи ландшафттардың алуан түрлілігі, ең бастысы, қолже­тімділігі әсер еткен. «Middle East Economic» басылымында еліміз Орталық Азиядағы ең ірі зама­науи қала­лар мен біре­гей табиғи ландшафтар­дың, бай мәдени мұра­ның орта­лы­ғы ре­тінде сипат­талған. Елор­да­мен қатар Алма­тыдағы «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау ку­рорты, «Шарын» шатқалы, «Көл­сай» көлі­нің тартымдылы­ғы ту­ралы жазылған. Осыған қоса «Ал­тын-Емел» ұлттық паркі, Түркіс­тандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жазғы мау­сым­­да саяхаттауға қолайлы бағыт­тардың қатарына енген.

Бөлісу:
Араб елдері қызығушылық танытып отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар