Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 60
164 адамды құтқарған
<p style="text-align: justify;">Аустралияның Сидней қаласында, нақтырақ айтсақ, Тасман теңізі жағалауындағы биік жартас ма­ңында Дон Ричи есімді адам өмір сүр­ген. Осы биік жартасқа өмірден баз кешіп, жаны құлазыған адамдар жиі барады екен.</p>

Дон Ричи сол жартастың жанында тұрып, серуендеп жүргендерді бақылап отыратын. Егер біреудің өз-өзіне қол жұмсауға ниеті барын байқаса, қасына барып «Сізге көмектесе аламын ба?» деп сұрап, үйіне шай ішуге шақырады екен. Ресми дерек бойынша ол осылайша кемінде 164 адамның өмірін құтқарған.
Бөлісу: