ЖОЛДАУ
1 мин оқу 50

Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды

<p style="text-align: justify;">Президенттің тапсырмаларына сәйкес елімізде медициналық инфрақұрылымды жаңартуға және емдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған &laquo;Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту&raquo; ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды

Елімізде әлемнің жетекші медициналық орталықтарымен қатар қоятын бірегей операциялар жасалып жатыр. Жүрек пен өкпені трансплантациялау, сондай-ақ бүйректің үшжақты айқаспалы трансплантациясы сияқты аса күрделі операциялар жасалады. Қазақстан осындай операциялар орындалатын әлемдегі алты елдің қатарына кіреді.

Ми ауруларын емдеу тұрғысында «Гамма-пышақ» технологиясы қолданылса, онкологиялық дерттерге қарсы заманауи протондық терапия енгізіліп жатыр.

Инфрақұрылымды жаңарту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп отыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 655 нысанның 511-і салынды.

«Бұл нысандар бұрын медициналық объектілермен қамтылмаған ауылдарда, сондай-ақ ескірген және бейімделмеген үй-жайлардың орнына салынып жатыр. Бұл орталықтар 1 миллионға жуық ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтиды», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

36 облыстық аурухана мен 17 перинаталдық орталыққа жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар бөлімшелеріндегі төсек-орын қоры 38%-ға ұлғайды. Шамамен 2,1 мың бірлік медициналық жабдық сатып алынып, соның нәтижесінде жарақтандыру деңгейі 86%-ға (62%-дан) дейін өсті.

Бөлісу:
Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар