Үкімет дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін төмендету шараларын қабылдап жатыр
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, фармацевтика саласында 2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек өндірісі үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау бойынша шаралар қолға алынған.
Баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында шекті бағаларды белгілеу тетігі қайта қаралып: артық шығындар алынып тасталып, дженериктер бағасы 30%-ға дейін төмендетілген.
Референттік баға белгілеудің жаңа моделін енгізу дәрі-дәрмек құнын 12%-ға төмендетуге мүмкіндік беріп, ал жалпы экономикалық тиімділік шамамен 50 млрд теңгені құраған.
