Көрмей жүргізілген репортаж

<p style="text-align: justify;">1940 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында &laquo;Хайберниан&raquo; мен &laquo;Хартс&raquo; командалары арасында шешуші матч өтуі керек еді. Алайда ойын басталған сәтте алаңды қалың тұман басып, BBC радиосының комментаторы Боб Кингсли ештеңе көре алмай қалды.</p>

Көрмей жүргізілген репортаж

Соған қарамастан, оған матчты толықтай жүргізу тапсырылды. Өйткені эфир тоқтап қалса, оны тыңдап отырған неміс барлау­шылары күннің тұманды екенін біліп, қаланы бомбалауы мүмкін еді. Жағдайды жақсы түсінген Кингсли жанкүйерлердің айқай-шуы арқылы ғана не болып жатқанын шамалап, бүкіл ойын бойы шабуылдар мен гол санын ойдан құрастырып отырды. Тыңдармандар ештеңе сезбей, толыққан­ды матчтың куәсіндей болды. Нәтижесінде, ресми есеп бойынша ойын 6:5 есебімен «Хартстың» жеңісімен аяқталды. Бұл оқиға — радиожурналистиканың шеберлігі мен соғыс жағдайындағы тапқырлықтың жарқын мысалы ретінде есте қалды.

Бөлісу: