Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 50
Ғылым үшін жан пида
<p style="text-align: justify;">1980 жылы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Сент-Хеленс жанар­тауының жойқын атқылауы кезінде фотограф Роберт Ландсбург бірнеше апта бойы табиғат өзгерістерін суретке түсіріп жүрген еді. 18 мамыр күні төңіректі түтін мен от шарпығанда, Роберт қашып құтыла алмайтынын толық түсінген.</p>

Бірақ ол соңғы сәтіне дейін өз жұмысын тоқтатпай, түсірген кадрларын сөмкесіне салып, үстін өз денесімен жауып үлгеріпті. 17 күннен кейін құтқарушылар Роберттің денесін күл-топырақ астынан тапқанда, камерасы бүтін күйінде сақталған екен. Ал суреттері ғалымдарға жанартаудың атқылау барысын зерттеуге таптырмас дерек болды.
Бөлісу: