Абай
1 мин оқу 50

Абай аялдамалары

<p style="text-align: justify;">Бұқар жырау ауданында кемеңгер Абайдың 180 жылдық мерейто&shy;йына орай әдеби аялдамалар желісі құрылып келеді. Енді жолаушылар аялдамада ақынның өлеңдерін оқиды.</p>

Абай аялдамалары

Мұндай рухани аялдамалардың ал­ғаш­қысы Көкпекті аулында ашылған еді. ­Онда QR-код орнатылған. Оны көкпектілік­тер мен ауыл қонақтары, жолаушылар ­сканерлеп Абайдың өлеңдерін оқып, оның шығармаларының аудио нұсқасын да тыңдай алады. Және ақын­ның өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат алады. Осылайша, аялдама мәдени-ағарту алаңына айналды.

Осындай нұсқадағы аялдама ауданның Ботақара кенті мен Доскей ауылында да пайда болды. Олар мәдени-ағартушылық үлгіде безендіріліп, стендтерінде Абайдың өмірбаяны, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер, ақынның өмір сүрген дәуірін бейнелейтін фотосуреттер мен иллюс­трациялар орналастырылған. Ұлттық ою-өрнектермен және қанық түстермен бедерленген аялдама елді мекендерге ерекше көрік беріп тұр.

– Абайдың әдеби аялдамалары абаттандыру нысаны ғана емес, өскелең ұрпаққа кемеңгердің соңында қалдырған мәңгілік мұрасын еске салудың бір жолы, – дейді осы жоба бастамашылары.

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы 

Бөлісу: