Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Темір асқазан
<p style="text-align: justify;">Француз әртісі Мишель Лотито жұртты өзінің ерекше «диетасымен» таңғалдырған. Ол мүлде жеу­ге келмейтін заттарды жеуімен танымал болды. Көрсе­ті­лімдерінде велосипедтерді, теледидарларды және әйнек, металл, резеңке секілді заттарды жұта беретін.</p>

Ең таңғаларлық әрекеттерінің бірі – «Cessna 150» ұшағын бөлшектеп, оны екі жыл ішінде түгел жеп бітіруі. Шоу алдында ол асқазанын «майлап», тамақтану кезінде көп мөлшерде су ішіп отырған. Статистика бойынша, Лотито өзінің мансабында шамамен 9 тонна металды жеп тауысқан.
Бөлісу: