Шаруашылық
1 мин оқу 70

Елімізде 4,3 млн тонна астық бастырылды

<p style="text-align: justify;">Егін жинау науқаны &ndash; Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елімізде 4,3 млн тонна астық бастырылды

Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары көрсетіп отыр.

3 млн гектар дәнді дақыл жиналған, бұл – жалпы егіс алқаптарының 18,9%-ын құрайды. 4,3 млн тонна астық бастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар, 74,2 мың тонна майлы дақыл, гектарына 243,1 центнер өнімділікпен 636,2 мың тонна картоп, гектарына 289,1 центнер өнімділікпен 1,8 млн тонна көкөніс, гектарына 272,9 центнер өнімділікпен 2 млн тонна бақша дақылдары жиналған.

Нақты атағанда, гектарына 370,4 центнер өнімділікпен 326,6 мың тонна қырыққабат, гектарына 390,6 центнер өнімділікпен 295,7 мың тонна пияз, гектарына 297,5 центнер өнімділікпен 101,6 мың тонна сәбіз жиналды.

Бөлісу:
Елімізде 4,3 млн тонна астық бастырылды · Egemen Qazaqstan