Басылым
2 мин оқу 20

Тәлімі мол туынды

<p style="text-align: justify;">Белгілі ақын, аудармашы, &laquo;Алаш&raquo; халық&shy;аралық әдеби сыйлығының лау&shy;&shy;реаты Қорғанбек Аманжолдың &laquo;Сыр&shy;ұйық&raquo; атты кітабы жарық көрді.</p>

Тәлімі мол туынды

Қорғанбек Аманжол – қазақ поэзиясына сүбелі үлес қосып, жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі ақын. Қаламгердің қаламы­нан әр жылдары «Зеренді қарағайла­ры», «Сабат», «Мешітті ғалам», «Бірәлі-дастан», «Жыр­лаймын Көкшетауымды», «Алапа» ­сынды жыр жинақтары туды. Сондай-ақ қазақ тарихының көпке белгісіз қатпарларынан аршып, тұлғаларды танытқан «Қанай-Абылай», «Олжас», «Хан Кене. Арлан-Шамай» сын­ды поэмалар жазды. Автордың «Зұлмат пен Ғибрат», «Біржан бұрмалары», «Ақыреттік ама­нат», «Қызыл сызық» және «Айсберг астын­дағы ағыстар», т.б басқа да тарихи, әдеби эссе кітаптары оқырман ықыласына бөленген.

Қорғанбек Ғалымтайұлы әлемдік классика – Герман Меллвилдің «Моби Дик немесе Ақ кит» романын және «новелла хан­задасы» атанған грузин жазушысы Гиви Сихарулидзенің «Ойып жаздым атым­ды» атты әңгімелер жинағын ана тілімізде сөйлетіп, қазақ оқырманына ұсынды. Соны­мен қатар О.Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақ­стан мифтері», «Ежелгі Қазақстан аңыз­дары», «Ежелгі Қазақстан әпсаналары» атты тарихи-танымдық кітаптарын қазақ тіліне тәржімеледі.

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагер журналисі Қорғанбек Аманжолдың «Сыр­ұйық» атты бұл кітабына негізінен кейінгі бес-алты жыл бедерінде шынайы шабыттан туған өрнекті өлеңдері мен көрнекті поэмалары топтас­тырылыпты. Уақыт һәм заман­мен тынысы бір ақынның рухты жырлары туған ел мен жердің жалауын желбіретіп, ұлтымыз­дың жүрек шерін қозғайды. «Шер кешу», «Мұсақұл балуан», «Жүз жыл» сынды дастандарында қазақ тарихының қатпарлы кезең­дері кеңінен қамтылып, көркем суреттеліп, ­алаулы жырдың арқауына айналған. Осынау ­жыр жинақ Қорғанбек ақынның өлең өлке­сінде оқырман ықыласына бөленер кезекті белесі боларына сенеміз.

Бөлісу:
Тәлімі мол туынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар