Сәтті сынақ

<p style="text-align: justify;">&laquo;SpaceX&raquo; тарихтағы ең ірі зымыран-тасығыш &laquo;Starship&raquo;-ті оныншы рет ғарышқа ұшырды. Бұл жолғы &laquo;Flight 10&raquo; миссиясы толығымен жоспарға сай сәтті өтті.</p>

Сәтті сынақ

Алдымен «Super Heavy» үдеткіші Мексика шығанағына сәтті қондырылды. Ал ғарыш кемесі «Ship» суборбиталық траекторияға шығып, сынақ үшін «Starlink» жасанды серіктерінің макеттерін ұшыр­ды. Одан кейін ғарышта қозғалтқы­шын қайта іске қосып, соңында Үнді мұхиты­на қонған. Бұған дейінгі сәтсіздіктерден кейін «SpaceX» инженерлері көпте­ген өзгеріс енгізген. Соның нәтижесін­де «Starship» алғаш рет ешқандай ақаусыз барлық сынақ мақсатын орындап, Марсқа біртабан жақындай түсті.

Бөлісу:
Сәтті сынақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар