Сауда
1 мин оқу 640

2024 жылы екіжақты сауда-саттық $44 млрд жетті – Тоқаев

<p style="text-align: justify;" data-start="236" data-end="437">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың <em data-start="306" data-end="319">China Daily</em> басылымында жарияланған мақаласында екі ел арасындағы сауда байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2024 жылы екіжақты сауда-саттық $44 млрд жетті – Тоқаев

«Жаһанды жайлаған экономикалық сын-қатерлерге қарамастан елдеріміздің сауда-экономикалық байланыстары айтарлықтай дамып келеді. 2024 жылы екіжақты сауда-саттық көлемі 44 миллиард долларға жетті. Бұл – тарихи меже», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қытай қазірдің өзінде Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі мәртебесін бекіте түсті.

«Осылайша, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі ретінде позициясын күшейтті», – деп атап өтті ол.

Тоқаев екі ел арасындағы сауданың ауқымын кеңейту көлік-логистика, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа серпін беріп отырғанын айтты.

«Сауда байланыстарының қарқынды дамуы жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Қытаймен серіктестікті барлық салада кеңейтуге дайынбыз», – деп жазды Президент.

Бөлісу: