Жарнама
 
Тағайындау
2 мин оқу 80

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің шешімімен Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.</p>

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Айтай кетейік, бұған дейін Оралов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған еді.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ РФ СІМ-нің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген. PhD ғылыми дәрежесі бар.

• 2011 жылы еңбек жолын ЕНУ-де жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бас маман болып бастаған.

• 2013–2016 жж. – ЕНУ протокол бөлімінің жетекші маманы.

• 2014–2016 жж. – «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

• 2016–2018 жж. – Астана қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы.

• 2018 жылдың қаңтар–тамызы – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

• 2018–2019 жж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

• 2019–2020 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

• 2020–2021 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

• 2021–2022 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

• 2022–2023 жж. – «Нұр Отан» / «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы.

• 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және спорт министрі.

• 2024–2025 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында Ербол Күрентайұлы Ізбергенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал Асқар Сәкенұлы Қанибеков жаңа қызметіне байланысты әкім орынбасары лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды · Egemen Qazaqstan