Оқиға
1 мин оқу 50

Екі сот орындаушы 26 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдарды өндіруге арналған қаржыны жымқыру деректерін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі сот орындаушы 26 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

Тексеру барысында белгілі болғандай, сот орындаушылары екі жыл бойы мемлекет қазынасына түсуі тиіс қаражатты иемденіп, өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Жиналған қаржы жеке қажеттіліктерге, соның ішінде құмар ойындарға жұмсалған. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары да жымқырылған.

«Жалпы шығын 26 млн теңгеден асты. Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кейін олар келтірілген шығынды толығымен өтеді. Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды», делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының хабарлауынша, уәкілетті органга болашақта мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қарыз сомасын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияларды есептеу процесінде жасанды интеллектті қолдану ұсынылған.

Бөлісу:
Екі сот орындаушы 26 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған · Egemen Qazaqstan