Шахмат
1 мин оқу 90
Жас шахматшылар халықаралық турнирде топ жарды
<p style="text-align: justify;">11 жастағы Әлімжан Жауынбай БАӘ қаласы Эль-Фуджейрада өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Youth-Open турнирінде ол 9 мүмкін ұпайдың 8-ін жинап, 250 қатысушының арасынан үздік шықты.
Ал оның ағасы, 13 жастағы Алдияр Жауынбай, Masters турнирінде тамаша нәтиже көрсетті: 6 ұпай, +72,4 рейтингке қосымша және халықаралық шебер (IM) нормасын орындады!
Бұл жетістіктер – Қазақстанда жаңа буын мықты шахматшылар өсіп келе жатқанының дәлелі. Алда – әлем және Азия чемпионаттары, біздің жас дарындар биік белестерді бағындыруға дайын.
Бөлісу:
