Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
«Google Translate» тіл үйретеді
<p style="text-align: justify;">«Google» аударма қызметін жаңар­тып, тікелей аударма мен тіл үйрену функцияларын іске қосты. Енді қолданушылар сервистің көмегімен тыңдалым мен сөйлеу машықтарын жетіл­діре алады.</p>

Жасанды интеллект әр адамның тіл білу деңгейін бағалап, соған сәйкес жаттығулар дайындайды. Ал тікелей аударма құралы 70-тен астам тілде әңгімелесуді жеңілдетеді. Жүйе сөйлеудегі акцент пен паузаны ажыратып, бірден дыбыстап, дұрыс нұсқасын экранға шығарады. Жүйе әзірге санаулы елдерде ғана іске қосылды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін барлық пайдаланушыға қолжетімді болады.
Бөлісу: