Ең үлкен көпір

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Хуацзян каньонында әлемдегі ең алып көпір салынып жатыр. Құрылыс қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланған.</p>

Ең үлкен көпір

Бұл жоба бір емес, бірнеше рекорд орнатып отыр. Көпірдің ұзындығы – 2 890 метр, салмағы – 22 мың тонна. Оның басты ерекшелігі – 625 метрлік терең каньонды жалғап тұруы. Яғни ол әлемдегі ең биік әрі ең алып көпір мәртебесін иеленбек. Құрылысшыларға мұндай ауқымды нысанды тұрғызу үшін тауларды тіліп, аса күрделі инженерлік шешімдер қабылдау­ға тура келген. Көпір тек жол қатынасына ғана емес, аймақтың экономикалық да­муына серпін бермек. Жоба іске қосылған соң көліктер бұрын бірнеше сағатта жүрген жолды небәрі бірнеше минутта жүріп өтетін болады.

Бөлісу:
Ең үлкен көпір · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар