Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Ойыңызды оқитын чип
<p style="text-align: justify;">Стэнфорд университетінің ғалымдары адам ойын оқитын чип ойлап тапты.</p>

Зерттеу барысында төрт еріктінің ми қыртысына микроэлектродтар орнатылған. Жасанды интеллект нейрондық сигналдарды талдап, қатысушылардың ойлаған сөздерін анықтауды үйренді. Ең қызығы – еріктілер ойша құпиясөз ойлаған кезде, чип оны 99 пайыз дәлдікпен танып қойған. Бұл технологияның мүмкіндігіне таңданған ғалымдар оны болашақта сөйлеу қабілетінен айырылған адамдарға көмекші құрал ретінде қолдануға болатынын айтады.
Бөлісу: