Аймақтар
1 мин оқу 20

Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, позитрондық-эмиссиялық томография орталығы (ПЭТ/КТ)&nbsp;онкологиялық аурулардың қайталануын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды

Бұған дейін Маңғыстау облысы мен көршілес өңірлердің тұрғындары ПЭТ/КТ-зерттеп-қараудан өту үшін Астанаға немесе Алматыға баруға мәжбүр болған. Ақтаудағы орталық тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, медициналық көмекті халыққа қолжетімді ете түседі.

Жылына 2000-нан астам зерттеу жүргізуге қауқарлы орталыққа медициналық жабдықтар Германиядан, АҚШ-тан және Оңтүстік Кореядан жеткізілген. 

2025 жылдың 7 айында Маңғыстау облысында әртүрлі кезеңдерде 562 онкологиялық ауру тіркелген. Атап айтқанда, 312 пациентте ауру 1-2-сатысында, 36-да – 3-4-сатысында, 157-де - 0-1-сатысында анықталған.

Бөлісу:
Ақтауда алғаш рет онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау орталығы ашылды · Egemen Qazaqstan