Экономика
1 мин оқу 40
Қазақстанда 6,5 млн тонна астық бастырылды
<p style="text-align: justify;">Бүгінде ел аумағында егін жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, қазір 4,6 млн гектар аумақтан 6,5 млн тонна астық орылған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 131 мың тонна майлы дақылдар, 778,1 мың тонна картоп (өнімділігі 238,6 ц/га), 2 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі 290,3 ц/га), 2,1 млн тонна бақша дақылдарын (өнімділігі 274,7 ц/га) жинаған.
Сонымен қатар 347,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі 370,2 ц/га), 418 мың тонна пияз (өнімділігі 396,5 ц/га), 129,3 мың тонна сәбіз (өнімділігі 311,3 ц/га) бастырылған.
Бөлісу:
