Жарнама
 
Аймақтар
2 мин оқу 140

Қоныс ауылындағы қуаныш

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қоныс ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастаған шағын ауыл оқушыларының қуанышында шек жоқ.</p>

Қоныс ауылындағы қуаныш

Жаңа білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың апатты мек­тептер­дің орнына жаңа білім ошақта­рын салу жөніндегі тапсыр­масына сәйкес, «Қарашыға­нақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ком­паниясының әлеуметтік жа­уап­кершілік аясында жү­зеге асты. Мектептің алғашқы қоңырау салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қа­йыр­жан Меңдіғалиев, «Қарашыға­нақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбаса­ры Мұхтар Манкеев, облыстық білім басқармасының басшысы Ел­дос Сафуллин, аудан әкімі Аслан­бек Сарқұлов, аудандық мәсли­хат төрағасы Сәрсенбай Молдашев қатысты.

Қоныс ауылында алғашқы мектептің іргетасы 1948 жылы са­лынған екен. 1976 жылы Крупская атындағы 8 жылдық мектеп бо­лып өзгерген кезде жаңа ғима­раты бой көтерген. Бірақ одан бері де жарты ғасырдан аса уақыт өтті. Тозған мектептің орнына салынған жаңа білім орда­сында заман талабына сай жабдықталған 11 оқу кабинеті, спорт залы, асхана, кітапхана, мәжі­ліс залы бар.

мектеп

 – Президент биылғы Тамыз конференциясында «Бүгін сана­лы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүре­міз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негіз­гі басымдығы болып қала бере­ді...» деген болатын. Бұл білім ордасының бой көтеруі — мемлекет пен бизнестің, жергілікті билік пен халықтың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі. «Қарашығанақ Петролиум Опе­рейтинг Б.В.» компаниясы өңіріміздің әлеуметтік дамуына белсенді үлес қосып келеді, – дейді облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев.

Қайыржан Ермекұлының айтуынша, кейінгі үш жылда облыста жалпы саны 7 526 орын­дық 26 мектеп салынған. Соның ішінде КПО б.в. компаниясы­ның әлеуметтік инвестициялық жо­ба­сы аясында 1 344 орынға 16 мек­теп, жергілікті бюджет есе­бі­нен 1 982 орынға 7 мектеп, «Ке­ле­шек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 200 орынға 3 мектеп пайдалануға берілген. 2023 жылы Қазталов ауылында Алма Оразбаева атын­­дағы 600 орындық мектеп, Жұл­дыз ауылында А.Хұсайынов атын­дағы 108 орындық мектеп, Бос­тандық және Қараоба ауылдарын­да дәрігерлік амбулатория, сон­дай-ақ Қараөзен ауылында фельд­шерлік-акушерлік пункт іске қосылды. Ал 2024 жылы Сарал­жын ауылында 60 орындық мектеп, Қайшақұдық ауылында мо­дульді медициналық пункт, Қа­йыңды ауылында жаңа мә­де­ниет үйі, Қазталов ауылында 320 орындық заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. 2025 жылы 4 бағыт бойынша 20 әлеу­меттік нысанға газ кіргізілді, «Қаладан – ауылға» бағдарламасы бойынша Жалпақтал, Қараөзен, Ораз­ғали ауылдарына көшіп кел­­­­­ген 8 отбасыға пәтер кілті та­быс­­­талды. Сексенбаев, Бозо­ба, Бе­­йіс­терек, Хайруш ауылдары­на ауыз­суға арналған блок-модуль­ді кешен орнатылды. «Бұл нысан­дар – аудан тұрғындары­­­­ның әлеу­меттік жағдайын жақ­сар­ту­ға, са­палы білім, денсаулық сақ­тау және мәдени-спорттық ин­фра­құ­рылымды дамытуға бағыт­­талған мемлекеттік сая­сат­тың жемісті нәтижесі» дейді орынбасар.

Білім ордасының ашылу салтанатында жаңа мектепке облыс әкімінің атынан LED экран ­табысталды.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Қоныс ауылындағы қуаныш · Egemen Qazaqstan