Картоп экспорты қайта жанданды
<p style="text-align: justify;">Елімізде картоп экспортына қойылған шектеулер алынып тасталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 2025 жылы шетелге 450 мың тоннаға дейін өнім жөнелту жоспарланып отыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл картоп егілетін алқаптар 11 мың гектарға кеңейтілді. Соның арқасында 2,7 миллион тоннаға дейін өнім алу күтілуде. Ішкі нарықтағы жылдық сұраныс шамамен 2 миллион тонна көлемінде.
Ведомство мәліметінше, алғашқы жеткізілімдер басталып кетті. 4 қыркүйекке дейін 8,7 мың тонна картоп Өзбекстанға экспортталған.
Ішкі нарықта баға да төмендеп отыр. Қазір картоптың орташа бөлшек бағасы 1 килограмм үшін 194 теңге деңгейінде. Министрліктің болжамынша, 2026 жылдың көктемінде картоп құны 185 теңгеден аспайды.
