Жаңалықтар
1 мин оқу 220
Аргентиналық ұшақ Уругвайда апатқа ұшырады
АСТАНА. 20 наурыз. Уругвай елінде аргентиналық ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы el dia хабарлады.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, борттағы 10 адамның екеуі ұшқыш, сегізі жолаушы болған.
Әуе апаты Пунта-дель-Эсте қаласының маңында орын алған. Ұшақ жерге құлап түсіп, бірден жанып кеткен.
Қазаға ұшырағандардың дерлігі аргентиналық La Rural компаниясының қызметкерлері болып шыққан. Олар Уругвайга жұмыс сапарымен келе жатса керек-ті.
Талғат Райымбек.
Дерек: el dia.
Сурет:azattyg.org.Бөлісу:
