Күн ұзарып барады

<p style="text-align: justify;">Ғалымдардың айтуынша, Жердің өз осінен айналу жылдамдығы біртіндеп баяулап жатыр. Бұл құбылыс бірден біліне қоймаса да, оның әсері ұзақ уақыттан кейін анық сезіледі.</p>

Күн ұзарып барады

Мәселен, бір ғасыр өткен сайын тәуліктің ұзақтығы орта есеппен 1,8 секундқа артып отырады. Бүгінгі күннің ұзақтығы – 24 сағат болса, шамамен 600 миллион жыл бұрын бір тәулік 21 сағатқа теңесіпті. Ғалымдар бұл өзгерісті Айдың тартылыс күшімен байланыстырады. Ай Жерге гравитация­лық әсер етіп, теңіздер мен мұхиттар­да толқын тудырады. Сол толқындар Жер­дің айналуын аз да болса тежеп, жылдар өткен сайын тәуліктің ұзақтығын арттыра береді.

Бөлісу:
Күн ұзарып барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар