Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Оттегіні орман өндірмейді
<p style="text-align: justify;">Біз көбіне Жердің «өкпесі» деп ормандарды атаймыз. Алайда ғылым деректері басқа ақиқатты көрсетіп отыр. Ғаламдық атмосферадағы оттегінің 50–80 пайызы орманнан емес, теңіз түбінде тіршілік ететін микроорганизмдер мен балдырлардан өндіріледі.</p>

Кішкентай ағзалар фотосинтез арқылы күн сәулесін сіңіріп, бүкіл тіршілік үшін ең маңызды элемент – оттегіні бөліп шығарады. Демек, әр тыныстаған сайын ормандарға ғана емес, сонау мұхит түбіндегі көрінбейтін жаратылыстарға да қарыздармыз. Ғалымдар атап өткендей, теңіздегі фитопланктон, балдырлар мен кейбір бактериялар – атмосфералық тепе-теңдіктің басты сақшылары.
Бөлісу: