Аймақтар
1 мин оқу 60

Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1847 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбеген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты

Аудандық прокуратура кәсіпкерлер тарапынан түскен шағымдар бойынша талдау жүргізген. Нәтижесінде аудандағы 81 жеке меншік балабақшаның жұмыскерлеріне еңбекақы уақытылы берілмей келгені анықталған.

Бұл жағдай 1847 адамның айлық жалақысын кешіктіруге әкелген. Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына байланысты аудандық прокуратура қадағалау актісін енгізіп, заңға қайшы әрекеттердің алдын алған.

Қорытындысында жалпы сомасы 720 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, жұмысшыларға берілген.

Бөлісу:
Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты · Egemen Qazaqstan