Өнер
2 мин оқу 30

Уақыт пен кеңістік үндестігі

<p style="text-align: justify;">Суретшінің бір мұраты &ndash; көңіл қатпарына жасырын&shy;ған сезім мен ойды, уақыт пен кеңіс&shy;тікті үнсіз тілдес&shy;ті&shy;ру. Ескі мен жаңаны ұш&shy;тас&shy;&shy;&shy;тырған шебер Асқар Ахаманның шығармалары &ndash; осы үнсіз диалогтің айқын дәле&shy;лі. Оның кенебі &ndash; филосо&shy;фия&shy;&shy;лық толғаныстар мен мифо&shy;ло&shy;гиялық астарға, рухани сим&shy;&shy;воликаға толы көркем әлем.</p>

Уақыт пен кеңістік үндестігі

Суретші қолтаңба­сын­да адам мен ғаламның мәң­гілік байланысы, рух пен материя арасындағы шекара, уақыт пен кеңіс­тіктің тоғысуы көрініс табады. Бұл туындылар тарих тылсымынан сыр тартып, дәстүр мен ділге негізделген пішіндер арқылы өріліп отырады. Мұндағы әрбір штрих – ой, әрбір бояу – үнсіз сыр. Автордың Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде өткен шығармашылық көрмесіндегі 60-тан аса кескіндемелік туынды көрерменін ой құшағына тартатыны сондықтан.

сурет

Шынайы өмір тыны­сынан сыр шерткен ком­позициялық идеялар ішкі рухани ізденіске ба­ғыт­­тайды. Айталық, «Үн­сіз­дік», «Қара шаңырақ», «Жал­ғыздық белгілері», «Кү­ту», «Түс», «Әкелер жолы», «Өмірдің басталуы», т.б туынды­ларындағы пі­шіндер мен түстер филосо­фиялық ас­тарға толы. Нәзік талғам, әр детальға деген ұқыптылық картиналардың мазмұнын байытып, өнерді көру ғана емес, сезіну қажеттігін ұқтырады.

«Асқар Ахаман шығар­маларында қолданылған пішіндер мен түстердің үйлесімі, кеңістіктегі қозғалыс пен уақыттың ағысы адамның ішкі жан дүниесімен үндесе отырып, оның өмірлік жолындағы күрделі сезімдері мен күйзелістерін бейнелейді. Әрбір туындысында су­ретші шынайы болмыс­ты көркемдік тілмен шебер жеткізеді. Бұл туын­дылар мәңгілік өмір мен өлім, жалғыздық пен үміт, бастау мен аяқ­талу арасындағы шексіз байланыстарды жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді», дейді өнертанушы Гүлнар Жұбаниязова.

выставка

Суретші мәңгілік сауалға мән іздейді. Шы­ғар­маларында бейнеленген әрбір көрініс – тір­шіліктің түпкі өзегіне бой­лау, адамзаттың рухани болмысына үңілу деп топшыладық. Ол ізгілік пен мейірімнің ғаламға сәуле шашар шынайы нұр екенін айтып, «тазалық – тәнде ғана  емес, жан мен пейілде» деген үндеу тастайды. Сол арқылы көрерменге арман мен ақиқаттың, сағыныш пен үміттің, өткінші мен мәңгіліктің арасындағы нәзік байланыс­ты сезіндіргісі келетіндей.

АЛМАТЫ 

Бөлісу: