Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 110
Көз көруін операциясыз түзетеді
<p style="text-align: justify;">АҚШ ғалымдары көз көруін қалпына келтірудің тың технологиясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұған дейін кең тараған LASIK сияқты лазерлік отада көздің қасаң қабығына тілік жасалса, жаңа әдісте ешқандай хирургиялық операция жасалмайды.</p>

Зерттеушілер қасаң қабықтың пішінін электр қуатының әсерімен өзгертуді ұсынып отыр. Бұл тәсілдің басты артықшылығы – ол қауіпсіз, арзан. Алғашқы тәжірибелер қояндардың көзіне жасалып, бірнеше минут ішінде жануарлардың көру қабілеті қалпына келгені дәлелденген.
Бөлісу: