Digital
1 мин оқу 130

Жасанды интеллект Diella министр қызметіне тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Албания жасанды интеллектіні басқару жүйесіне ресми мәртебе берді. Мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жаңа министр қызметіне жасанды интеллект тағайындалды. Оның аты &ndash; Diella. Бұл сөз албан тілінде &laquo;күн&raquo; дегенді білдіреді. Осылайша Diella&nbsp;билік мінберіне өрмелеп шығып&nbsp;&laquo;күн&raquo; болды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жасанды интеллект Diella министр қызметіне  тағайындалды

Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, енді мемлекеттік тендерлерді өткізу үдерісі біртіндеп Diella-ның бақылауына беріледі.

«Осы арқылы Албания мемлекеттік тендерлерде жемқорлықтан толық арылған елге айналады. Барлық қаражат ашық әрі қатаң бақылауда болады. Бұл қиял емес, нақты қадам», деді ол.

Diella қазірдің өзінде елдің электронды мемлекеттік қызметтер жүйесі e-Albania платформасын басқарып отыр. Жасанды интеллекттің бейнесі дәстүрлі албан киіміндегі қыз түрінде жасалған.

Бұл жаңалық елдің саяси өмірінде үлкен резонанс туғызды. Өйткені жуырда ғана Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлық күдігімен қамауға алынған болатын.

Бөлісу:
Жасанды интеллект Diella министр қызметіне тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар