Аймақтар
1 мин оқу 60

Екібастұзда жер үйлерге жылу беріле бастады

<p style="text-align: justify;">Қала бойынша 6331 жер үй орналасқан. Олардың жартысынан астамы қазірдің өзінде орталық жылуға қосылып үлгерген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екібастұзда жер үйлерге жылу беріле бастады

Екібастұз қаласында биыл орталықтандырылған жылуға қосу 10 қыркүйектен жүргізілуде. Нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық үйлер мен мекемелер толық қосылып болған соң ғана жылу параметрлері көтеріледі.

- Бекітілген жоспарға сәйкес, жылу беру маусымын бастадық. 10 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға  жылу беріліп жатыр. 15 қыркүйектен жер үйлер  жылумен қамтамасыз етіледі. Ал 20 қыркүйектен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жібереміз, -  деп хабарлады қала басшысы Аян Бейсекин.

Кеншілер қаласында 6331 жер үй бар. Бүгінде соның 3400-іне жылу берілген. Ал әлеуметтік мекемелерден тек 5 нысан ғана қосылмаған.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Екібастұзда жер үйлерге жылу беріле бастады · Egemen Qazaqstan