Пікір
1 мин оқу 50

Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш

<p style="text-align: justify;">Қазіргі таң&shy;да әлемдік дең&shy;гей&shy;де аса өзекті әрі күрделі мәсе&shy;&shy;ле&shy;&shy;нің бірі &ndash; Газа&shy;да&shy;ғы және тұтас Па&shy;&shy;лестина аума&shy;ғын&shy;&shy;&shy;дағы ахуал. Бұл жағдай жеке&shy;леген бір мемлекетке немесе ұлт&shy;қа ғана қатысты мәселе ғана емес, бүтін адамзат баласының ар-ұжданына тіке&shy;лей әсер ететін жаһандық деңгейдегі сын-тегеурін десе де болады. Осыған орай халықаралық ұйымдар мен түрлі деңгейдегі форумдардың күн тәртібінде Газадағы жағдай басым бағыттардың бірі болуға тиіс.</p>

Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш

Өйткені аталған өңірде бейбіт тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төніп отыр. Әйелдер мен балалардың, қарттардың өмірі қиылып, бейкүнә жандар жазықсыз зардап шегіп жатыр. Бұл – адам құқықтары мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін ауыр жағдай. Мұндай сәтте әлемдік қауымдастықтың үнсіз қалуы – адамзаттың ортақ құндылықтарына немқұрайдылық танытқанмен пара-пар.

Сондықтан да барлық мүдделі тарап Газадағы әскери әрекеттерді тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау және гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу бойынша нақты әрі пәрменді қадамдарға баруы қажет. Басып алу мен зорлық-зомбылықты тоқтату – барша әлем алдында тұрған ортақ міндет.

Палестина халқының өзін-өзі басқару құқығы мен қауіпсіз өмір сүруге деген талпынысы – халықаралық құқық пен әділеттің талаптарына сай келеді. Бұл мәселеге саяси тұрғыдан ғана емес, ең алдымен адамзаттық көзқараспен қарау керек.

Бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шылары съезі секілді ауқым­ды жиындардың пайдасы тиеді деп санай­мын. Осы орайда халықаралық қауым­дастықты ортақ жауапкершілік пен әділет қағидаттары аясында әрекет етуге шақы­рамыз. Бұл бағыттағы бастамалар өз нәти­жесін беріп, Газада бейбітшілік пен тұрақ­тылық қайта орнайды деген сенімдеміз. Өйткені адам өмірінен, адамгершілік пен ар-ұжданнан артық құндылық жоқ.

Кадир ДИНЧ,

Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары 

Бөлісу:
Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар