Басылым
1 мин оқу 100

Фотоальбомда бейнеленген өңір тарихы

<p style="text-align: justify;">Мұнайлы өңірде &laquo;XIX-XX ғасырлардағы Атырау тарихы фотосуреттерде&raquo; атты фотоальбом үш тілде жарық көрді. Қазақша, ағылшынша және орысша көркем безендірілген туындыға 289 фотосурет енгізілген.</p>

Фотоальбомда бейнеленген өңір тарихы

Жобаға жетекшілік еткен Атырау об­лыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мұхамбетқали Ки­пиев­тің айтуынша, фотоаль­бомда музей қорында жи­нақ­тал­ған құжаттар бар. Кейбір фо­то­құ­жаттар Ресей Ғылым акаде­миясы архивінің Санкт-Петер­бургтегі филиалынан, Ресей мемлекеттік кинофо­тоқұ­жаттар архивінің қорынан алынған.

Фотоальбом мазмұны «Ел­ді мекендер», «Материал­дық мәдениет», «Өндіріс», «Ша­р­уашылық пен кәсіпшілік» тақырыптарына бөлінген. Мәселен, бірінші бөлімде бұ­рынғы Гурьев қаласының, Пло­товинск кеме тұрағы, Ку­лагин, Жилая коса елді мекендердің, Дүйсеке мешіті мен көшпелі ауылдардың революцияға дейінгі суреттері жинақталған.

«Фотоальбомда музей қо­рынан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 40-жылдарына дейінгі суреттер қам­тылды. Оның көпшілігі ал­ғаш рет жарияланып отыр. Мұның бәрі – Атырау облы­сының тарихы мен мәдениетін айшықтайтын тарихи жәді­гер», дейді М.Кипиев.

Атырау облысы 

Бөлісу:
Фотоальбомда бейнеленген өңір тарихы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар