Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 430
Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицияның мәліметінше, топ құрамында төрт адам болған. Олардың бірі – ұйымдастырушы, екеуі дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан, тағы бірі қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған.
«Күдіктілердің тоғыз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 141 миллион теңгеден асады», деп хабарлады полиция департаменті.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
