Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 60
Жойылған құсты тірілтпек
<p style="text-align: justify;">Бұдан төрт ғасыр бұрын жойылып кеткен додо құсы қайта оралуы мүмкін. АҚШ-тағы «Colossal Biosciences» компаниясы осы ерекше құсты «қайта тірілту» жобасын қолға алды.</p>

Қазір ғалымдар никобар кептерінің жасушаларын пайдаланып, генетикалық өңдеуден өткізіп жатыр. Сөйтіп, додоға тән белгілері бар жыныс жасушалары зертханада өсіріледі. Осылайша, зерттеушілер болашақта «додо жұмыртқасын» алуды көздеп отыр. Әзірге бұл – тәжірибе деңгейіндегі жоспар. Дегенмен ғалымдар 5–7 жыл ішінде жойылып кеткен құстың ұрпағын көретініне бек сенімді. Не де болса, әлемді таңғалдырған бұл бастама – табиғат сырын танудағы жаңа белес.
Бөлісу: