Аймақтар
1 мин оқу 210

Қызылордада үш тәулікте 1465 құқық бұзушылық анықталды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада &laquo;Қауіпсіз жол&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1465 құқық бұзушылық анықталды. Оның 254 дерегі қауіпсіздік белдігін тақпау, тасымалдау қағидаларын бұзуға қатысты болса, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 131 фактісі тіркелді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада үш тәулікте 1465 құқық бұзушылық анықталды

«Шымкент – Самара» тас жолының Баймұрат батыр ауылы тұсындағы аумағында рейдтік іс-шара өткізген полицейлер дрон көмегімен жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді тәртіпке шақырды. Іс-шара басталғалы бері жолдың қарсы жолағына шығудың 1, авариялық жағдай туғызудың 10, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың 9 дерегі белгілі болыпты. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізушінің көлік тізгініне қайта отырғаны анықталған.

Сонымен қатар, 138 автокөлік айып тұрағына қойылып, 118 көліктің қозғалысын шектеу үшін мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.  

Бөлісу:
Қызылордада үш тәулікте 1465 құқық бұзушылық анықталды · Egemen Qazaqstan