Әлемдегі ең тыныш бөлме

<p style="text-align: justify;">Жер бетінде толық тыныштық орнаған орын барын білесіз бе? Ол &ndash; АҚШ-тың Миннеаполис қала&shy;сындағы Орфилд зертханасында орналасқан анэхоикалық камера. Бұл бөлме әлемдегі ең тыныш орын ретінде Гиннестің рекордтар кіта&shy;бына енген.</p>

Әлемдегі ең тыныш бөлме

Қабырғалары дыбысты толық сіңіретін материалмен қапталғандықтан, мұнда ешқандай жаңғырық болмайды. Дыбыс деңгейі – 9,4 децибелге дейін төмендейді. Яғни адамның құлағы үшін «минус дыбыс» әсерін тудырады. Мұндай бөлмеге кірген адам алғашында жүрек соғысын, өкпесінің тынысын, асқазанының қимылын естиді. Бірнеше минуттан соң тепе-теңдік сезімі әлсіреп, санада ерекше әсер пайда болады. Сондықтан ешкім мұнда ұзақ уақыт болуға шыдай алмайды.

Дайындаған –

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Әлемдегі ең тыныш бөлме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар