Технология
1 мин оқу 330

Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады

<p style="text-align: justify;">Алдағы айларда №33/34 &laquo;Ақтөбе &ndash; Алматы&raquo; және №21/22 &laquo;Қызылорда &ndash; Семей&raquo; бағытындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады. Бұл туралы&nbsp;&laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ хабарлап отыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады

Starlink интернеті орнатылған пойыз жолаушылары мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.

Бұған дейін «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 «Burabay Express» электропойызына осындай интернет орнатылған. Компанияның мәліметінше, бұл құралдың тиімділігі дәлелденген. Сондай-ақ, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосылған. Бүгінгі дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланған. 

Бөлісу:
Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті орнатылады · Egemen Qazaqstan