Спорт
1 мин оқу 30
Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады
<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте отандасымыз Александр Бублик өз рекордын жаңартты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Александр Бублик кейінгі тізімде 16-орынға тұрақтаған. Бұл – оның жеке рекорды болып отыр. Себебі Бубликтің бұға дейінгі ең жоғағы нәтижесі 17-орын болған.
Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі септескен.
Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеген.
Бөлісу:
