Аймақтар
1 мин оқу 30

Жаңа әуе рейсі ашылды

<p style="text-align: justify;">Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейсте&shy;рінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап &laquo;Қарағанды &ndash; Семей &ndash; Қарағанды&raquo; бағытында сыйымдылығы 50 орындық &laquo;Bombardier CRJ200&raquo; ұшағы жолаушылар тасымалдай бастады.</p>

Жаңа әуе рейсі ашылды

Әкімдіктің мәліме­тін­ше, рейсті «SCAT» әуе компаниясы жү­зеге асырады. Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Билет бағасы – 15 000 теңге. Жаңа бағыттың ашылуы тұрғындарға қолайлы әрі қолжетімді бағада сапарлауға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бұрын «Қарағанды – Семей» бағытындағы әуе қатынасы жабылып қалған еді. Соның салдарынан екі тараптың тұрғындары бір-біріне Астана арқылы пойызбен қатынайтын.

Қазірде «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» ба­ғыттары бойынша әуе рейстері бар. Рейстерді «FlyArystan», «Оң­түстік аспаны», «SCAT» әуе ком­паниялары жүзеге асырады.

Жаңа бағыт республикалық бюджеттен бөлінген субсидия­ның арқасында, Көлік министр­лігі Азаматтық авиация коми­тетінің, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Абай облысы 

Бөлісу:
Жаңа әуе рейсі ашылды · Egemen Qazaqstan