Руханият
1 мин оқу 10

ЖИ арқылы дайындалған ертегілер

<p style="text-align: justify;">&laquo;Jaqmbyl&raquo; телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерінен мультфильм дайындады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

ЖИ арқылы дайындалған ертегілер

Телеарна басшысылығы ұйымдастырған жабық көрсетілімге облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, телеарна ұжымы және мектеп оқушылары қатысты.

ЖИ арқылы жасалған мультфильмдердің жалпы саны – 12, ұзақтығы – 20 минут ты құрайды. Топтамаға «Қарлығаш пен дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна» сияқты танымал қазақ ертегілері енгізілген. 

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. 

 Осы міндетті басшылыққа ала отырып, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Jambyl» телеарнасы 1 қарашадан бастап 36-маусымын бастайды. Елімізде алғаш рет ЖИ көмегімен дайындалған бұл туындылардың көрерменге жол тартуына облыс әкімдігі қолдау көрсетті. Ал олардың дыбысталуына корпорация құрамындағы «Балапан» телеарнасы атсалысты» – дейді телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаева.

 Мультфильмдер топтамасы тек телеарна эфирінде ғана емес, сондай-ақ «Әжемнің әңгімесі» өңірлік жобасы аясында балабақша тәрбиеленушілеріне де ұсынылмақ.

Тараз.

Бөлісу:
ЖИ арқылы дайындалған ертегілер · Egemen Qazaqstan