Футбол
1 мин оқу 140

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді

<p style="text-align: justify;">Алматыда өтетін &laquo;Қайрат&raquo; &ndash; &laquo;Реал Мадрид&raquo; матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы қаласы Туризм басқармасы &laquo;e-Qonaq&raquo; ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап.</p>

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Сарапшылардың мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

Бөлісу:
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді · Egemen Qazaqstan