Пазл қалай пайда болған?

<p style="text-align: justify;">Пазл &ndash; адамды ұшқыр ойлауға үйрететін һәм логикасын дамытатын ойын түрі. Бұл бас қатырғыш ойынның пайда болу тарихы да қызық.</p>

Пазл қалай пайда болған?

Шамамен 1760 жылы ағылшын картографы Джон Спилсбери оқушыларға жағрафия пәнін қызықты өткізу үшін картаны ағаш тақтайшаға желімдеп, бір­неше елдің шекарасын қиып шығып­ты. Содан кейін шәкірттеріне мемлекеттер­дің орнала­суын дәл тауып қоюды тапсырады. Мінеки, алғашқы пазл осылай пайда болған екен. Бірақ сол кездері бұл бас қатырғыш ойын емес, білім берудің таптырмас құралы ретінде қабылданған. ­Тек ХХ ғасырда ағаш тақтайшаны картонмен алмастырғаннан кейін, пазлдар көптеп шығарылып, құны қолжетімді болды.

Бөлісу: