Теннис
1 мин оқу 80

Бейжіңде үстел теннисінен турнир басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қытайдың астанасы &ndash; Бейжіңде үстел теннисінен &laquo;China Youth Smash 2025&raquo; турнирі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бейжіңде үстел теннисінен  турнир басталды

Бұл жарыста 19 жасқа дейінгі ойыншылар бақ сынап жатыр.

Солардың қатарында жастардың әлемдік рейтингінде жоғары сатыларға жайғасқан Ким Гаон (Оңтүстік Корея, №3), Ли Сынсу (Оңтүстік Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайпей, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа танымал спортшылар бар.

Аспанасты елінде Қазақ елі намысын Алан Құрманғалиев қорғайды. Рейтингте 9 орында тұрған қандасымыз Тайпей, Сингапур және Гонконгтың өкілдерімен бір топта өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Бейжіңде үстел теннисінен турнир басталды · Egemen Qazaqstan