Жарнама
 
Медицина
1 мин оқу 40

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі өскен

<p style="text-align: justify;">Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кейінгі&nbsp;жеті жылда Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 2,8 есе өскенін айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі өскен

Медициналық сақтандыру жүйесіне көшу қаржыландыруды едәуір арттыруға мүмкіндік берген. Денсаулық сақтау шығындары екі еседен астам жылдам өсіп, жылына орта есеппен 23,8 пайызды көрсеткен. 

Осының нәтижесінде медицинаға жеке инвестициялар тартылды, дәрігерлердің өздері үшін еңбек жағдайлары жақсарды.

«Соңғы 7 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін өсті. 1 адамға арналған медициналық шығыстар 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін ұлғайды. Қаржыландырудың ұлғаюы медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер етті. Бастапқы деңгейде көрсетілетін қызметтер және консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2,7 есе ұлғайды», деді Ақмарал Әлназарова.
Бөлісу:
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі өскен · Egemen Qazaqstan