Бангкок пен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады
<p style="text-align: justify;" data-start="58" data-end="250">Алматы қаласының туризм басқармасының хабарлауынша, Thai AirAsia X әуе компаниясы 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Бангкок – Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын іске қоспақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

«Бұл қадам Қазақстан мен Таиланд арасындағы туризм алмасуын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа рейс Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін саяхатшылар үшін Алматыға жолды жеңілдетіп, қаланың Орталық Азиядағы туристік орталық ретіндегі беделін арттырады. Алматыда Thai AirAsia X басшылығымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесу өтті», деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, биыл Оңтүстік Кореяның әуекомпаниясы Инчхон мен Алматы арасында жаңа рейс ашты.