Ақмола облысында 45 жастағы балықшы суға батып көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында 45 жастағы ер адам суға түсіп кетіп, қатты тоңудың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Төтенше жағдай Қайранкөл көлінде тіркелген. Ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, бірақ белгісіз себептермен суға құлап, өздігінен жағаға жете алмаған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды судан алып шыққан.
«Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін дәрігерлерге тапсырылды. Алайда, өкінішке қарай, ер адам қатты тоңудың салдарынан көз жұмды», – делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖМ мамандары қолайсыз ауа райы жағдайында су айдындарына шығу қауіпті екенін ескертеді.
Қауіпсіздік мақсатында:
- қайықтың техникалық жағдайын алдын ала тексеру;
- міндетті түрде құтқару кеудешесін кию;
- байланыс құралын өзімен бірге алып жүру қажет.

