Қарағандыда психотроптық дәрілердің 328 қаптамасы тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Қарағанды полиция қызметкерлері есірткі және психотроптық препараттардың ірі партиясын заңсыз тасымалдады деген күдікпен 40 жастағы астаналық тұрғынды ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ұстау кезінде ер адамның көлігінен 82 қаптама «Тропикамид», 6 қаптама «Прегабин Рихтер 30» және 240 қаптама «Мидакс» табылды. Барлық дәрі-дәрмек тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау және ұсталған азаматтың ықтимал сыбайластарын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу тәркіленген дәрі-дәрмектерді сатып алу және тарату арналарын анықтауда.
