Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 80
Нобель сыйлығының лауреаттары
<p style="text-align: justify;">Биылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы инновациялық экономикалық өсу жолын түсіндір­ген ғалымдарға берілді. Жүлденің жартысы АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің қызмет­кері Джоэл Мокирге бұйырды. Ал қалған жартысын Франс колледжінің қызметкері Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің қызметкері Питер Хоуитт бөлісті.</p>

Ғалымдар инновацияның одан әрі ілгерілеуге қалай серпін беретінін түсіндірді. Швеция Ғылым академиясы өз мәлімдемесінде:
«Соңғы екі ғасырда адамзат тарихта алғаш рет тұрақты экономикалық өсім кезеңін бастан өткерді. Бұл миллиондаған адамның кедейліктен шығуына жол ашып, қазіргі өркендеудің берік іргетасын қалады», деп атап өтті.
Бөлісу: